07
ноябрь
2023
"Жемқорлыққа жол жоқ"
Талдықорған қаласы "№4 орта мектем "КММ де қараша айының 6-шы жұлдызында педагог-ұйымдастырушы Г.Бижанованың ұйымдастыруымен "Жемқорлыққа жол жоқ" тақырыбында челлендж ұйымдастырылды. Сыбайлас жемқорлық індет, оған қарсы күрес міндет деп айтып жүрміз. Ендеше, оның шипасы – халық арасында ағарту, насихат жұмыстарын тереңінен жүргізу. Байлықты басты құндылық деп адасып жүрген азаматтарымыздың түсінігіне төңкеріс жасау. Яғни, оның сана-сезімін, сенімін, ішкі жан дүниесінің тазаруына ықпал етіп, жүрегіне иман ұялату. Біздің қоғам ақниетті, адал, намысы биік азаматтарды қажет етеді. Осы тұста мектебіміздің ұстаздары, парламент мүшелері жадынама таратып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.