«Мектепке жол» Республикалық акциясы » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7282) 24-66-74
Есепші бөлімі:
+7(7282) 24-66-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектепке жол» Республикалық акциясы
25
июль
2024

«Мектепке жол» Республикалық акциясы

«Мектепке жол» республикалық акциясы мектеп оқушыларын жалпыға бірдей міндетті біліммен қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында өткізіледі.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.
Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.
Құрметті облыс тұрғындары! «Мектепке жол» республикалық акциясын іске асыруға белсенді қатысуларыңызды сұраймыз.