1-сыныпқа қабылдау » №4 орта мектеп. Талдықорған
"Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің
"№4 орта мектеп"
Управления образования Алматинской области
Приемная
+7(7282) 24-66-74
Бухгалтерия
+7(7282) 24-66-74
Версия для
слабовидящих
31
март
2022

1-сыныпқа қабылдау

Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.

Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.

1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.

Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz http://egov.kz/cms/kk  порталы арқылы көрсетіледі.

Қандай құжаттар қажет?

• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)

• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)

• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)

• Егу паспорты (065/у нысаны)

• Баланың суреті (3*4 өлшемді)