01
июнь
2023
"Жаңа Қазақстан - болашаққа бастар жол" атты салтанатты жиын
1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында «Жетісу облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі "№4 орта мектеп" КММ -нің 2022-2023 оқу жылының аяқталуына байланысты "Жаңа Қазақстан - болашаққа бастар жол" атты салтанатты жиын өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың еліне, Отанына, мектебіне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың адамгершілік, парасаттылық және патриоттық сезімдерін дамыту. Салтанатты жиынға 1,4,9,10,11 сынып оқушылары, мектеп ұстаздары, ата-аналар қатысты. Мектеп директоры А.Байгенженова мектептен түлеп ұшқалы отырған 11 сыныптың 89 түлегін құттықтап, жылы лебізін білдірді.