10
март
2023
"Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында 9 сыныптар арасында кітап оқу ("Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романы) жарысы
"Жетісу облысының білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі" ММ "№ 4 орта мектеп" КММ-де "Оқуға құштар мектеп" жобасын іске асыру мақсатында 9 сыныптар арасында кітап оқу ("Ғ.Мүсірепов "Ұлпан" романы) жарысы ұйымдастырылды. Мақсаты - оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру және кітап оқу арқылы оларды еңбекқорлыққа, мәдениеттілікке, білімділікке тәрбиелеу. Жарыс барысында 9 "А" сыныбы "Оқымысты сынып" номинациясын, 1 орын 9"А" - Қазбекқызы Іңкәр, 2 орын - 9 "А" Нурлан Ислами, 3 орын 9"Б" Темірғали Темірлан жеңіп алды. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталды. Жауапты мұғалімдер: С.Т.Бейсенбинова, С.Н.Ордабаева, Ж.Д.Жумадилова